«Сейсмикалық оқу-жаттығу басталмас бұрын, апаттық сөмкені дайындаңыз, қауіпсіз жерге шығу жолын анықтаңыз. Қауіпсіз жер — бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген кезде, сабыр сақтап, ғимараттан шығыңыздар», — делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
Мамандар төтенше жағдайларға дайын болу адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін атап өтті.
«Баршаңызды сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуды сұраймыз!» – деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.