Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Astana Hub-та «GOWEB — 2023» Web-Хакатонының финалы өтеді

2023 жылдың 14 сәуірінде Astana Hub-та «GOWEB – 2023» Web-Хакатонының финалы өтпек. Онда 12 мен 17 жас аралығындағы жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер таланты мен қабілетін көрсетеді.

13.04.2023
Саясат

Web-Хакатонға еліміз бойынша төрт санатқа қарай 450-ден астам жұмыс келіп, 41 финалист өз жобаларын әділқазы алқасының алдында жобаларын таныстырады.

«2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білімге деген көзқарасты өзгертіп, техникалық мамандықтарға басымдық беру керегін айтқан болатын. «GOWEB — 2023» Web-Хакатонының финалы жас таланттардың алаңы болғалы тұр. Олар веб-әзірлеу және веб-дизайн саласындағы жас таланттардың бойындағы қабілеті мен шығармашылық әлеуетін көрсете алады», — дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналып, веб-технология қызметін енді бастаған мамандарға қарым-қатынас орнатуға таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Хакатонды өткізу арқылы Қазақстанда техникалық мамандықтарды дамытуға басымдық беру керегі жөніндегі президенттің айтқанына қолдау білдіріп, жастар арасында кәсіби бағдарды анықтауына және техникалық мәдениетті дамытуына септігі тиеді.

Іс-шара барысында веб-әзірлеу мен веб-дизайн бойынша шеберлік сыныптары өтеді, сонымен қатар Oculus виртуалды шынайылық көзілдірігін зерттеп, ойын-сауық пен үстел үсті ойындары ұйымдастырылады.

Қазақстанда Web-Хакатон оқушылар, студенттер мен жас мамандар арасында танымал болып келеді.

Іс-шара соңында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздар қаламы бар MacBook (веб-әзірлеушілер) немесе Ipad-пен (веб-дизайнерлер) марапатталады.

Тегтер: Astana HubGOWEB - 2023Web-Хакатоастанафинал

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz