Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылды

Іс-шараға батырдың жұбайы, туыстары мен достары қатысты.

13.04.2023
Аймақ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 12 сәуірде Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйде орын алған өрт кезінде бірнеше адамның өмірін құтқарып қалған Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы өтті.

Әскери-патриоттық клубты ашудың мақсаты — өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тұрғысында тәрбиелеу. Бүгінгі күннің батыры, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асқар Серікұлы Забикулиннің батылдығы мен ерлігін таныстыра отырып, білім алушылардың туған халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мақтаныш пен патриоттық сезімдерін ояту, ұлттық рухта тәрбиелеу.

Салтанатты ашылу рәсімінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтауының бейнетрансляциясы жасалды. Министр өз құттықтауында Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлеріне, Абай атындағы мектеп-гимназияның педагогикалық құрамына, ата-аналар ұжымы мен оқушыларға өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде атқарып отырған жұмыстары үшін зор алғысын білдіріп, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі, сондай-ақ балалардың еліміздің лайықты азаматтары атануына тілектестік білдірді. Бірқатар ұстаздар мен облыстық білім басқармасының лауазымдық тұлғаларына ТЖ министрінің алғыс хаттары табыс етілді.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

1 of 5
- +

Іс-шара барысында 8 «А» сыныпты жас өрт сөндірушілері ант қабылдап, Асқар Забикулинге арналған «Даңқ бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті қонақтар салтанатты түрде лента кесіп, гүл шоқтарын қойды.

Бұдан әрі Алматы облысы ТЖД қызметкерлері иеліктегі бар өрт сөндіру техникасы мен өрт-құтқару жабдықтарын көрсетті. Балалар өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін үлкен ықыласпен зерделеп, сұрақтар қойды.

Сонымен қатар «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының 8 «А» сынып оқушыларымен «Бейбіт күннің батыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жас өрт сөндірушілер мектепті бітіргеннен кейін нағыз патриот болып, адамдардың өмірін қорғауға атсалысады деп үміттенеміз.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Тегтер: Алматы облысыАсқар ЗабикулинБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz