Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде сенімхаттарды онлайн алуға болады

Ел аумағында «Цифрлық нотариат» атты пилоттық жоба іске қосылды.

12.04.2023
Жаңалықтар

Ендігі уақытта қазақстандықтар сенімхаттарды нотариусқа бармай-ақ онлайн рәсімдей алады.

Жаңа цифрлық жобаны Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп қолға алып отыр.

Министрлердің айтуынша, осыған дейін клиенттер сенімхатты рәсімдеу үшін құжатқа қол қойдырып, оны нотариусқа барып куәландыруы керек болса, енді аталған қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында онлайн қолжетімді.

«Мемлекет басшысы eGov mobile мобильді қосымшасы базасында мемлекет, халық және бизнестің өзара іс-қимылы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылымды құруды тапсырған болатын. Бүгінгі тұсауы кесіліп жатқан «Цифрлық нотариус» пилоттық жобасы сол бағыттағы жұмыстардың бірі. Қызмет алуда қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бағытында пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», — деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

eGov mobile мобильді қосымшасында сенімхатты рәсімдеу нұсқаулығы:

— алдымен өтінімді толтырып, оған электронды цифрлық қол қою қажет;

— жеке басын растау үшін нотариус қызметкеріне бейнебақылау арқылы қоңырау шалу керек;

— көрсетілген қызметтің ақысын төлеуі тиіс;

— сандық құжаттар бөлімінде сенімхат дайын тұрады.

Тегтер: еGov mobileонлайнсенімхат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz