Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сенатор Алматының таулы аудандарына құрылыс салмауды ұсынды

Сенатор Андрей Лукин ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жеке құрылысқа тыйым салуды ұсынды.

11.04.2023
Аймақ

Депутат Алматының тау бөктеріндегі заңсыз және ретсіз құрылыстар жұртшылықты толғандырып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, алма бақтарын салуға және жоюға байланысты даулы жанжалдар да басылмай келеді.

«Қала табиғи ландшафын жоғалту алдында тұр. Бұл маңызды проблемалар мен қала тұрғындарының өміріне зор қауіп төндіреді. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға ғана рұқсаты бар жекеменшік құрылыс компаниялары бизнесті тексеруге мораторийді алға тартып, тау бөктерінде орналасқан рекреациялық аймақтарда көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысын жалғастырып келеді. Мұндай тау бөктері күрделі құрылысқа жарамсыз екені, осы учаскелерде құрылыс техногендік сипаттағы көшкіндерге әкелуі мүмкін екені ТЖМ тарапынан бірнеше рет айтылды», — деді сенатор.

Сенатор мұның бәрі жайдан-жай істелмейтінін, мұндай құрылыс біреудің салғырттығынан немесе қамқорлық көрсетуіне байланысты мүмкін екенін айтты.

«Жылжымайтын мүлік саласындағы хабарландыруларды орналастыруға арналған қазақстандық ірі сайттардың бірінде Каменское плато шағын ауданында 50 сотықтан гектарға дейінгі жер учаскелерін сату туралы бірнеше хабарландыру бар. Бір хабарландыруда меншік иесі тіпті мемлекеттік органдардағы байланыстары арқылы нысаналы мақсатын қайта ресімдеу және өзгерту кезінде көмек көрсетуге дайын», — деді Андрей Лукин.

Сенатор Алматы аудандарының экологиялық жағдайы мен тау бөктеріндегі ерекше ландшафы адамдардың белгілі бір тобының пайдаға кенелу мен баюға құнығуының кесірінен кері кету қаупі төніп тұр деп есептейді.

Андрей Лукин осыған байланысты Үкіметке Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандарының және облыстың қалаға іргелес аудандарының жерлеріне егжей-тегжейлі түгендеу жүргізуді, қолданыстағы заңнамаға жеке құрылысқа толық тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, жерді түгендеу аяқталғанға дейін және тиісті НҚА-ны қабылдағанға дейін жер беруге мораторий жариялауды, сондай-ақ елді мекендердің рекреациялық аймақтарында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын бекіту арқылы жердің нысаналы мақсатын пайдалануды өзгерту тәжірибесіне тыйым салуды ұсынды.

Тегтер: алматыбаспанақұрылыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz