Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Бүгін елімізге Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.

10.04.2023
Саясат

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Әзербайжан біз үшін тек сенімді әрі маңызды серіктес қана емес, сонымен бірге бауырлас, жақын мемлекет. Санғасырлық достықтың мызғымас байланысына, өзара қолдауға арқа сүйей отырып, бүгінде стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқан мемлекетаралық тиімді ынтымақтастықты қалыптастырдық. Елдер арасында белсенді, сенімді саяси диалог орнаған. Үкіметтік деңгейде үйлесімді жұмыс жүргізіліп, көпжақты алаңдар аясында сындарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті екі мемлекет арасында қомақты шарттық-құқықтық база қалыптасқанын, яғни 90-нан астам құжатқа қазірдің өзінде қол қойылғанын атап өтті.

«Өткен жылы біз стратегиялық өзара қарым-қатынасты нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы декларацияға, сонымен қатар 2026 жылға дейін ынтымақтастықты дамыту кешенді бағдарламасына қол қойдық. Бүгінде бірқатар маңызды құжат қабылданады», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Тегтер: Басты жаңалықтарИльхам ӘлиевҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz