Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қаскелеңде көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма отқа оранды

Алматы облысында дөңгелек қоймасы жанып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдай министрлігінен.

10.04.2023
Арнайы жоба

9 сәуірде таңғы сағат 07.20-да Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөліміне Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қоймада (жалпы ауданы — 1600 шаршы метр) 700 шаршы метр алаңда автомобиль шиналары жанғаны туралы хабар түсті.

Өрт одан әрі 64 шаршы метр алаңдағы әкімшілік ғимаратқа тараған.

Оқиға орнына шақырудың жоғары ранг бойынша дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан он шақырым қашықтықта, өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 13.45-те 764 шаршы метр алаңда толық сөндірілді.

Өрт туралы кеш хабарлануы, сондай-ақ екпіні секундына 4-6 метрге жететін жел өрттің осынша үлкен аумаққа таралуына себеп болды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 1400 шаршы метр автомобиль шиналары бар қойма аман қалды.

Өрттің жеке тұрғын үйлерге көшу қаупі жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: Алматы облысыҚаскелеңөртТЖМ

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz