Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, 8 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды.

09.04.2023
Жаңалықтар

Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге квота енгізілді.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.

Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтарында Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен пиязды елден шығаруға тыйым салынған еді.

Тегтер: Қазақстанпиязэкспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz