Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда әлеуметтік дүкендер ашылды

Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төменгі үстеме бағамен сатылады.

08.04.2023
Аймақ
Фото: Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты

Фото: Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік даму институты

Мұнда Жетісу облысының тұрақтандыру қорының және «айналым схемасына» қатысушы өндірушілердің тауарлары сатылады. Дүкендердегі сату бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10%-ға төмен. Мысалы, қант құны 425 тг/кг (нарықтық – 483 тг/кг), күнбағыс майы 740 тг/кг (нарықтық – 931 тг/кг), күріш 340 тг/кг (нарықтық – 496 тг/кг).

Жақын арада облыс орталығында тағы да осындай дүкендер ашу жоспарланып жатыр.

«Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және «айналым схемасын» жүргізуге 4 млрд теңге бөлінді. Маусымнан тыс уақытта көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін 736 тонна картоп пен 169 тонна сәбіз жеткізу туралы келісімге қол қойылды. «Айналым схемасы» шеңберінде 9 тауар өндірушімен және 2 сауда субъектісімен сауда желілеріне азық-түлік тауарларын өндіру және жеткізу бойынша шарттар бар», – деп атап өтті «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты басшысы Данияр Айқынбаев.

Бұл ретте, маусымаралық кезеңде (сәуір-маусым айлары) әлеуметтің маңызды көкөніс тобының бағасын тұрақтандыру үшін «Magnum Cash&Carry» ірі сауда желісіне несие берілді.

Сауда желісінің Талдықорғандағы филиалында қырыққабат, пияз, сәбіз және картоп бекітілген бағамен сатылады. Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорация осы жылдың мамыр-шілде айлары аралығында көкөністерді жеткізу және сату бойынша тауар өндірушілермен қосымша келісімшарттар жасасуды жоспарлап отыр.

Тегтер: әлеуметтікдүкенЖетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz