Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Жанар-жағармайдың жасанды тапшылығының алдын алу үшін мұнай базалары тексеріледі

Өңірлік штабтар жанар-жағармайдың жасанды тапшылығының алдын алу үшін мұнай базаларына тексеру жүргізеді.

07.04.2023
Жаңалық

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша кеңесте осындай тапсырма берілді.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, елдегі дизель отынының жиынтық қоры – 308,56 мың тонна, бұл – 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Кейбір өңірлердегі жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалған. Осыған байланысты жанар-жағармай ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:

— өңірлік штабтарға жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

— заң бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.

Айта кетсек, өңірлік штабтар құрамына жергілікті атқарушы органдар, бәсекелестікті қорғау және дамыту, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу және табиғи монополияларды реттеу департаменттері кіреді.

Тегтер: жанармай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz