Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Райымбек ауданының инвестиция тартудағы үлесі 1,4% — Марат Сұлтанғазиев

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесті.

06.04.2023
Аймақ

Басқосу әдеттегідей, мал және ауыл шаруашылығы жайлы баяндамадан басталды.

Өңір басшысы Райымбек ауданы картоп өндіруден алдыңғы қатарда екенін, дегенмен бұл аумақтың өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бойынша кенжелеп тұрғанын айтты.

«Ауданда жұмыс істейтін 14 өнеркәсіптік кәсіпорын — шағын кәсіпкерлік субъектілері. Оның ішінде, көмір өндіру бойынша «Бүркіт» компаниясы және алтын өндіру бойынша «Нарын Голд» бүгінде өз қызметін тоқтатты», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев ауданда инвестиция тарту жұмысы да көңіл көншітерлік емес екенін тілге тиек етті.

«Инвестициялар тарту бойынша аудан 1,4 пайыз үлесімен облыста 8-ші орын алып отыр. Былтыр 8,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2025 жылға дейін мұнда 9 жоба жүзеге асырылады, ал жоғарыда айтқандай, 2 жоба тоқтап тұр», — деді облыс әкімі.

Бұл мәселелерді шешу үшін Марат Сұлтанғазиев өзінің орынбасары Арслан Дәндібаевқа, кәсіпкерлік басқармасына аудан әкімімен бірлесіп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, аудан экономикасына инвестиция тарту жұмысын арттыруды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту арқылы өндірісті ұлғайтуды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат СұлтанғазиевРайымбек ауданыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz