«Ел өңірлерінде жағармай құю станцияларында жанар-жағармайды (ЖЖМ) сатуды шектеу фактілерінің жиілеуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл әрекеттер монополияға қарсы заңнаманы бұзу екендігін еске салады.
Кәсіпкерлік кодекс нарыққа қатысушылардың келісілген іс-әрекеттеріне және басым компаниялардың тауарды өткізуден негізсіз бас тарту жөніндегі іс-әрекеттеріне тыйым салады.
Мемлекеттік органдар күн сайын жанар-жағармай құю станцияларында және сақтау базаларында мұнай өнімдерінің сатылуына мониторинг жүргізеді.
Бағаның жоспарлы өсуіне қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері ЖЖМ болған кезде оларды белгіленген бағалар бойынша уақытылы өткізуге міндетті.
Жанар-жағармайдың қалдық көлемі ұлғайған жағдайда және жанар-жағармайды сатуды шектеген жосықсыз кәсіпкерлерге шара қабылданатын болады», — делінген агенттік мәлімдемесінде.
Атап өтілгендей, монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс аясында компания табысының 5% дейін айыппұл салуды көзделген.
«Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық органдары заңнаманы бұзу белгілерінің болуы тұрғысынан ЖЖМ өткізуді шектеу фактілерін тексеріп жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлерді бәсекелестік заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ЖЖМ-ды толық көлемде сатып отыруға шақырады», — деді ведомстводан.
Жағармай құю станциялары отынды сатудан бас тартқан жағдайда – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелеріне, ал белгіленген бағалар асырылған жағдайда – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға болады.