Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бөлексаз ауылының тұрғындары сумен қамтылу деңгейіне шағымданды

Алматы облысы әкімінің Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуінде жұртшылық 3 жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан ауыз су мәселесін көтерді.

05.04.2023
Аймақ

Азат есімді азаматтың айтуынша, Бөлексаз ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын аяқталуы керек болған. Алайда мердігер компанияның жауапкершіліксіздігіне байланысты бұл құрылыс әлі күнге дейін жүріп жатыр.

«Осы мәселеге араласып, шешімін тауып беруіңізді сұраймыз. Ауыз су расымен де күрделі мәселе әрі халықтың наразылығын тудырып отыр. Ақша бөлініп тұрса, су неге халыққа берілмей жатыр? «Жұмыстың 95 пайызы аяқталды» дейді жауапты мамандар. Олай емес екенін сіз де, біз де біліп отырмыз ғой. Бұған қоса құрылыс туралы бейнежазба да әлеуметтік желіде тарады», — деді тұрғын.

Өз кезегінде облыс әкімі мердігер компанияның ісі сотта қаралып, тиісті үкім шыққанын айтты.

«Бағана баяндамада атап өткендей, тұрғындарды толғандыратыны — су мәселесі. Соттың шешіміне сәйкес, мердігерлер жұмысты маусым айының соңына дейін бітіруі қажет. Сондай-ақ компаниямен құқық қорғау органдары жұмыс жасайтын болады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тұрғындармен кездесуге қатысқан мердігер компанияның өкіліне облыс әкімі белгіленген уақытта жұмыс аяқталмаса, тағы да шаралар қолданылатынын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыауыз суКеген

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz