Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Нидерланды Корольдігінің делегациясын қабылдады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына Нидерланды Корольдігінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

05.04.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетімен танысып, алдағы уақытта екі жақты ынтымақтастықта жұмыс жасауды көздеп келген Нидерланды Корольдігінің өкілдері алдымен облыс орталығының бас жоспарымен танысты.

Бұдан соң, Марат Елеусізұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды.

«Алматы облысының жер көлемі 105 мың шаршы метр, ал тұрғындар саны 1,5 млн. адам. Біздің өлке аграрлы аймақ, мұнда 30 мың ауыл шаруашылығы қожалығы бар», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Облыс әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы жерінің көлемі 4,1 млн. гектар, оның ішінде 466 мың гектары егістікке арналса, 3,5 млн га жайылым жер.

«Облыста 74 жылыжай кешені істеп тұр. 22-сі өндіріске бағытталған. Сондай-ақ, аймақ картоп өсіру бойынша республикада екінші орында. Ал, ел бойынша құс еті өндірісінің 30%-ы облыс еншісінде», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы 55 сүт-тауарлы ферма жұмыс жасап тұрғанын, жылына 625 мың тонна сүт өндірілетінін және құрғақ түйе сүті экспортқа шығарылатынын тілге тиек етті.

«Бізде өткен жылы 47 тонна құрғақ түйе сүті ҚХР-на экспортталды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 95 тоннаға дейін жеткізу көзделген», — деді Марат Елеусізұлы.

Өз кезегінде, Westland муниципалитетінің мэрі Бауке Арендс облыстың даму жоспары ерекше ұнағанын жеткізді.

«Сіздердің аймаққа алғаш рет келіп тұрмыз. Елдің қонақжайлығы бізді тәнті етті. Жаңа ғана таныстырған өңірдің даму жоспарыда таңдай қақтырды. Өйткені, қала салу мың жылда бір рет болатын жайт», — деді Бауке Арендс.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Сондай-ақ,Westland муниципалитетінің мэрі, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуге және ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс жасауға әзір екендіктерін айтты.

Кездесуден кейін қонақтар, облыс аумағында орналасқан жылыжай кешеніне және «Fruit Art» зауыты мен «Байсерке- Агро» АӨК-не барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz