Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол құрылысы маусымы басталды

Еліміздің 8 өңірінде жол құрылысы маусымы басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

05.04.2023
Аймақ

Ұлттық оператордың баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында жол мамандары қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына кірісті.

Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғаспақ. Олардың қатарында «Атырау-Астрахан», «Қарағанды-Балқаш», «Меркі-Бұрылбайтал», «Күрті-Бұрылбайтал», «Талдықорған-Өскемен» автожолдары бар.

Тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл «Сарыөзек-Көктал» (45-68 шқ арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шқ арасы) трассаларының бірқатар бөлігін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен «Самара-Шымкент», «Алматы-Шелек-Қорғас», «Шымкент қаласының айналма жолы» күре жолдарының учаскелері және т.б жолдар қамтылды.

Жалпы, биыл республикалық жолдар желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса. 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделіп отыр.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz