Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қызылша ауруы өршіп кету ықтималдылығы төмен

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов пен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты.

04.04.2023
Аймақ

Мамандардың сөзінше, Алматы облысында 14 наурыз бен 2 сәуір аралығында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшамен ауырудың 3 жағдайы тіркелді.

«Қарым-қатынаста болған 138 адам анықталып, оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 31 адамның 29-на қызылшаға қарсы екпе салынды», — деді Марат Исмаилов.

Сонымен қатар ол вирустың өзіне тән ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын айтты. Біріншіден, иммунитеті төмен адамдармен байланыста болған кезде инфекцияның таралуы 90% және одан жоғары болуы мүмкін, екіншіден, қызылша ауруы ауа арқылы таралады. Сондықтан қызылшамен күресудің жалғыз жолы – екпе салдыру.

«Алматы облысында қызылшаның жаппай өршу қаупі төмен. Себебі, бұл өңір екпелермен жеткілікті қамтылған әрі жоспарлы түрде алдын алу шаралары жасалып жатыр», — деді бас санитарлық дәрігер.

Ал Лейла Серікбаева болса, қызылшадан қорғанудың жолдары туралы сөз етті.

«Қоршаған ортадағы вирустардың концентрациясын төмендетуге бағытталған әртүрлі қарапайым әдістер бар. Мысалы: ылғалды тазалау, үй-жайларды желдету, тыныс алу органдарын қорғау үшін бетпердені қолдану қажет», — деді маман.

Айта кетейік, 2022 жылы бір жастағы және 6 жастағы балалар арасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациямен қамту 95%-ды құрады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқызылша

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz