Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Жанармайдың қымбаттауы халықтың қалтасына салмақ салмайды – сарапшы

Елімізде бензин 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін, дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін қымбаттады. Бағаның қымбаттауына қатысты сарапшы Нұрлан Жұмағұлов пікірін білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі.

04.04.2023
Жаңалық

Сондай-ақ сарапшы бағаның көтерілуі еліміздің экономикасына қаншалықты әсер ететіні туралы айтып берді.

«Елімізде соңғы рет жанармай бағасы 2021 жылдың күзінде қымбаттады. Содан кейін баға бүгін ғана өсіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан дизель отынына тәуелді. Дегенмен Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жанармай бағасы екі есе арзан. Тіпті, көрші елдеріміз Қырғызстан мен Өзбекстанда баға жоғары және оларда тапшылық байқалады. Сондықтан біздің еліміз көрші елдерді жанармаймен қамтып отыр дей аламыз», — деп атап өтті Нұрлан Жұмағұлов.

Оның айтуынша, жанармай бағасының 11% қымбаттағаны көп нәрсеге әсер етпейді. Тіпті, қарапайым халықтың қалтасына да ауыртпалық салмайды.

«Бізде баға онсыз да арзан. Экспорттың бағасы 300 мың теңге болатын болса, жергілікті нарықта, өкінішке қарай, 90 мың теңгемен сатып жатады. Нарығымыздағы баға үш есе төмен. Не себепті Қашаған сыңды жобаның акционерлері жергілікті нарыққа мұнайды сатпайды? Себебі, олар жергілікті нарыққа оны сатқаннан пайданың үш есе аз болатынын біледі және түсінеді», — деді Нұрлан Жұмағұлов.

Сарапшының пайымынша, жанармай бағасының қымбаттауы ауылшаруашылығына күш түсірмейтінін қадағалау керек.

Тегтер: жанармайқымбатшылықсарапшы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz