Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде құрылыс кодексі әзірленіп жатыр

Қазақстанда құрылыс кодексі дайындалып жатыр. Осы айда оның жобасы қоғам талқысына түседі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев мәлім етті.

04.04.2023
Жаңалықтар

«Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді. Салалық қауымдастықтар мен институттардың қатысуымен кодекстің алғашқы жобасы әзірленді. Қатысқандар қатарында мемлекеттік қала құрылысы кадастры, мемлекеттік сараптама республикалық мекемесі, қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қазақстанның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық орталығының өкілдері бар», — деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, құрылыс кодексінің жобасы осы айда қоғамдық талқыға шығарылады.

«Биыл жыл соңына дейін аталған жобаны Мәжілістің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, құрылыс кодексі 4 заңды біріктіреді. Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы, жеке тұрғын үй құрылысы туралы және әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы. Осылайша құрылыс процесінің циклын жоспарлаудан пайдалануға дейін толық қамтиды», — дейді Индустрия министрінің міндетін атқарушы.

Тегтер: кодексҚазақстанқұрылыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz