Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғандағы сенбілікке 6 мыңға жуық тұрғын қатысты

Жетісу облысында елді мекендерді санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру айлығының аясында Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

02.04.2023
Аймақ
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 «Тазалық және көгалдандыру жұмыстарына 6 мыңға жуық адам, коммуналдық мекемелердің 50 техникасы тартылды. Қаладағы әр мекеменің еңбек ұжымдары өзіне қарасты аумақтарға тазалау жұмыстарын жүргізді. Қоқыстар жиналып, арықтар тазаланды. Осы күні жалпы көлемі 900 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылды», — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы сенбілікке 6 мыңдай тұрғын қатысты
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс басшысы Бейбіт Исабаев, өңірдегі ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, еріктілер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар ұйымдары «Жеңіс» саябағына мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызды.

«Мұндай шаралар жиі өткізілуі керек. Жастар айналаны таза ұстауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйренеді. Бүгін біз ардагерлер сенбілікке өз үлесімізді қосып, ағаш ектік. Енді осы ағаштарды күнделікті суғарып, күтіп-баптап отырса, қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі деп ойлаймын. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, тазалау – тұрғындардың ортақ міндеті», — дейді Жетісу облыстық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер Толыбек Данабеков.

Биылғы жылы Жетісу облысында жалпы саны 93 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған, соның 2 мыңдайы бүгінге дейін «Жеңіс» саябағына отырғызылып үлгерді.

Тегтер: Жетісу облысыСенбілікТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz