Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды alataunews.kz.

02.04.2023
Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чехиялық теннисші брейк жасап кеткенімен, Елена сол бойда таразы басын теңестірді – 5:5. Аса тартысты өткен тай-брейкте ол бес сет-пойнтты пайдалана алмады – 6:7 (14:16). Бір сағат 6 минутқа созылған бірінші сеттің өзінде Елена Рыбакина 10 эйс жасап үлгерді.

Екінші сетте Петра Квитова брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалында жеңіліс тапты.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жеңілгеніне қарамастан, Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.

Ал Miami Open-2023 чемпионы Петра Квитова 1 000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220 доллар жүлде алады.

Еске салайық, 14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды.

Тегтер: елена рыбакинаМайамитеннисфинал

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz