Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды

Алматы қаласының құтқарушылары тауда үш туристті құтқарды, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

02.04.2023
Аймақ
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16:35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түскен.

Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні түсіп, бір турист төменге қарай сырғып түскен. Осыған байланысты бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару тобы көмекке аттанды. Сонымен қатар, адамдарды іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары қосымша жіберілді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшісі оқиға орнының локациясын жіберген өтініш берушімен байланысқа шықты. Ол туристік маршрут бойынша тауға көтерілу кезінде қар көшкіні салдарынан жолдастарынан қалып қойған.

Ол ешқайда жүрмей құтқарушылардың көмегін күткен. Туристермен ұялы байланыс арқылы байланысқа шыққан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 18.43-те зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатқан.

20 минуттан кейін РЖҚЖ құтқару тобы туристерге жетіп, зардап шеккендерді төменге түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 19:55-те туристерді төмен түсіру жұмыстары аяқталды, құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Тауға шыққан кезде сізге қажет: дене даярлығын есептеңіз, құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа райы жағдайлары, көшкін қаупі деңгейі, таудағы серуенге өзіңізге қажетті заттармен қамтамасыз етіңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.

«Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8(727) 372-15-60 (ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалыңыз», — делінген хабарламада.

Тегтер: алматықар көшкініТЖДтурист

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz