Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры үшін кез келген жанның пікірі маңызды — Ләззат Шыңғысбаева

Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева іс-сапармен келді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

14.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ол Қонаев қалалық Мәдениет үйінде ҮЕҰ өкілдерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, қоғам белсенділерінің қатысуымен кездесу өткізді.

«Негізі бүгінгі жиын брифинг форматында емес, дөңгелек үстелде өтуі керек еді. Өйткені мен әрқайсыңызды тыңдағым келген. Біз үшін сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Десе де, қор туралы ашық айтатын боламын, кез келген сұрақтарыңызға жауап беремін», — деді Ләззат Шыңғысбаева.

Жиында осыдан алты ай бұрын құрылған қордың алдағы жоспары, бекітілген бағдарламалары жайлы сөз болды. Қор төрағасының орынбасары білім беру гранттары бағдарламасы бойынша Алматы облысындағы Сүлейман Демирел атындағы университетке 3 грант бөлінетінін, керек болса тағы да грант санын көбейтуге мүмкіндік бар екенін айтты.

Жалпы, қордың грантына үлгерімі жақсы, бірақ оқу ақысын төлеуге мұршасы жетпейтін, көпбалалы, мұқтаж отбасынан шыққан түлектер ие бола алады. Одан бөлек, ЖОО-да оқып жүрген студенттерге 100 грант қарастырылады. Грант мәселесі жөнінде ата-аналардан 1500 өтінім түскен. Басқосуда сондай-ақ спорт, денсаулық сақтау салаларына ерекше көңіл бөлінгені жайлы айтылды.

 

1 of 5
- +
Тегтер: брифингҚонаевмәдениет үйі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz