Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 2 трлн теңге тартылады

Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы бес жылға арналған Кешенді жоспарын әзірлеу жұмыстары басталып кетті.

30.03.2023
Аймақ

Жоспардың іс-шараларына шамамен 2 трлн. теңге бюджеттік және жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр, деп мәлімдеді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алматы агломерациясы бас жоспарларға сәйкес дамитын болады, ол Алматы мен Қонаев қалалары арасындағы логикалық байланыс «G4 City» спутник-қаласының құрылысы болмақ.

«G4 City» аумағына ірі шетелдік инвесторларды тарту үшін 30 мың гектар аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылды. Азық-түлік, тоқыма, былғары, қағаз өнімдері мен құрылыс материалдарын өндіру, логистика салаларындағы жобалар басым бағыттар болып бекітілді.
25 жыл ішінде арнайы экономикалық аймақтан түсетін тиімділік — 3,7 трлн. теңге инвестиция тартылып, 3,2 трлн. теңге салық түсімдері түсіп, 34 мың жұмыс орны ашылады.

«Үшінші бағыт қазіргі таңда облыста 674 саяжай алаптары бар (Қарасай — 200, Іле — 157, Талғар — 152, Еңбекшіқазақ – 135, Жамбыл – 21 және Қонаев – 9), онда 183 мың адам тұрады. Саяжай қауымдастықтарының жалпы ауданы 10 мың га, саяжай учаскелерінің саны – 83 578, оның ішінде иесіз – 1367. Мұндағы негізгі проблемалық мәселелер – елді мекен мәртебесінің жоқтығы, әлеуметтік нысандардың болмауы. Жер учаскелері ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған, саяжайлар тұрақты тұру үшін қарастырылмаған, көшелер мен жолдардың ені нормативтерге сәйкес келмеуі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық көлемде қамтамасыз етілмеуі болып табылады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бүгінгі таңда барлық аудандарда саяжай ұжымдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты жұмыс топтары құрылды, олар саяжай алаптарының жүйелі мәселелерін шешу бойынша уәкілетті органдармен жұмыс жүргізіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Почетная и ответственная миссия: студентка из Алматинской области о предстоящем референдуме

Николай Иващенко
10.03.2026

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz