Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы бәйгенің астанасы – Исламбек Салжанов

Бүгін Алматы облысына іссапармен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Президенті Исламбек Салжанов келді.

29.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Ол облыстық әкімдікте өткен жиын барысында өңірдегі ұлттық спорт түрлерінің дамуы жайлы сөз етті.

«Мемлекет басшысы Ұлттық спорттың дамуына үлкен көңіл бөліп жатыр. Енді біз, барлығымыз бұл спорт түрін өте жоғары деңгейге көтеруіміз қажет. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі аймақтар қазірдің өзінде осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде, Алматы облысының спорт басқармасын да ерекше атап өткім келеді. Бұл өңір бәйгенің астанасы. Осы уақытқа дейін де облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірқатар мәселені талқыладық. Алдағы уақытта да облыс басшылығымен бірлескен жұмыстар атқарылады», — деді қауымдастық Президенті.

Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев болса, облыста ұлттық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Фото: Аслан Қажеке

Мысалы, Қарасай ауданындағы «Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», Талғар ауданындағы «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша» спортты дамыту дирекциясы жұмыс жасайды. Аталған мекемелерде ұлттық спорттың 11 түрі бойынша 1108 спортшы шұғылданып жатыр. Алматы облысында өтетін «Сонар», «Жетісу Жүйрігі», Жеңіс күніне арналаған спорттық жарыстар сияқты ірі турнирлер республика көлеміндегі дәстүрлі мерекеге айналған.

«Алматы облысында Ұлттық спорт түрлерін дамытуға үнемі ерекше көңіл бөлініп келеді. Өңірде көкпар спортын дамыту мақсатында 2021 жылы «Алатау» көкпар федерациясы құрылған», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Сондай-ақ шарада «Алатау» көкпар федерациясының спортшылары марапатталды. Олар күні кеше ғана Термез қаласында (Өзбекстан) өткен халықаралық турнирде чемпион атанды.

Айта кетейік, биыл II Азия чемпионаты қазан айында Ұйғыр ауданында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, шілдеде жасөспірімдер арасындағы аударыспақ пен теңге ілуден XI ҚР чемпионаты Талғар ауданында ұйымдастырылмақ. Мамыр айында жамбы атудан жастар арасындағы IX ҚР чемпионаты да Талғар ауданында өткізіледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарИсламбек Салжанов

Соңғы жаңалықтар

Почетная и ответственная миссия: студентка из Алматинской области о предстоящем референдуме

Николай Иващенко
10.03.2026

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz