Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Курьерлер мен таксистер салық төлеуге міндеттеледі

Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі.

29.03.2023
Жаңалықтар

Олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгул Сағындықова мәлім етті.

«Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі еңбек нарығын либерализациялау. Бұл – икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерлерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді — бұлар табыс әкелетін еңбек қызметімен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркелмеген тұлғалар. Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасалған жағдайда ресми жұмыспен қамту деп танылады. Мысалы, онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осындай категориялардағы жұмыскерлерге жататын болады», — деді спикер.

Айтуынша, онлайн платформаларда жұмыс істейтін азаматтар – такси жүргізушілері, жеткізушілер, курьерлер. Олар бүгінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған.

«Яғни, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда олар үшін әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналары төленбегендіктен, олар әлеуметтік қорғаудан шығып қалды. Әлеуметтік кодекс аясында біз бұл мәселеге үлкен көңіл бөлдік, енді бұл тұлғаларды әлеуметтік қорғау жүйесіне енгізу жоспарлануда. Бүгін де Яндекс, Uber және Wolt компанияларымен келіссөздер жүргізілді, олар сол такси жүргізушілері мен курьерлер үшін міндетті әлеуметтік аударымдарды төлейтін болды. Яғни, онлайн платформалар өздері төлейді», — деп түсіндірді вице-министр.

Тегтер: курсантсалықтакси

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz