Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы полицейлері 60 келі есірткі тәркіледі

Жыл басынан бері Алматы қаласының полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі, оның ішінде 7 келісі – синтетикалық есірткі.

29.03.2023
Аймақ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы ПД-нің арнайы өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Департамент мәліметі бойынша, жыл басынан бері Алматыда 205 есірткі қылмысы анықталды және есірткі сатуға қатысты 35 деректің жолы кесілді.

«Жалпы сомасы 187,5 млн теңгені құрайтын 30 000 доза әлеуетті тұтынушыларға жетпей қалды. Бұл ретте «синтетика» шығаратын 3 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі қоймасын ұйымдастырудың 2 дерегі және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсірудің 1 дерегі анықталды», — деді Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ департаментте синтетикалық есірткіні онлайн сату мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Жыл басынан бері полицейлер 27 есірткі бетбелгісін қоюшыны ұстады, есірткі тарататын және жарнамаланатын 73 интернет-ресурс анықталды. Соңғылары туралы ақпаратты одан әрі бұғаттау үшін «Кибернадзорға» жіберілді. «Наркостоп» қозғалысының еріктілерінің белсенді қатысуымен есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 1 мың 500 граффити жазуы табылды және бояу арқылы жойылды.

«Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалағаны үшін ҚК-тің 299-бабы 1-1-бөлігімен 1 адам жауапкершілікке тартылды», — дейді спикер.

Алматыда жыл басынан бері 300-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргізілді. Нарколог-дәрігерлермен бірлесе, ақпараттық жұмыс жүргізуге баса назар аударылды. Осыған орай, Полиция департаменті мен Алматы қаласының білім Басқармасымен жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде тақырыптық дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу меморандумға қол қойылды.

Тегтер: алматысинтетикалық есірткі

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz