Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді шетелге жүк тасымалдайтын отандық жүргізушілерге рұқсат электрондық түрде беріледі

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға шет мемлекеттердің аумағы арқылы өту үшін берілетін рұқсат электронды форматта ұсынылады.

28.03.2023
Жаңалықтар

«2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 15 наурызға дейін «ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша пилоттық жоба іске асырылсын», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бұйырық жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл қызметтің ақылы екені жазылған.

«Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күнге қолданыстағы 1 АЕК-ті (3 450 теңге) құрайды. Алым сомасын төлеу портал арқылы жүзеге асырылады», — деп түсіндірме берілген бұйырыққа.

Қытайға бару үшін берілетін «С» нұсқасындағы электрондық рұқсаттар мына кедендік пункттерде іске асырылады:

1) Достық-авто (Жетісу облысы);

2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);

3) Көлжат (Алматы облысы);

4) Бақты (Абай облысы);

5) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы).

Тегтер: жүк тасымалышетел

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алкогольге тәуелділік: себептері мен салдары

Диана Ахметова
10.08.2026

Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Тазалық – ортақ міндет

Диана Ахметова
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz