Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыдағы базарда жолға таласқан жүргізушінің бірі оқ атты

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған.

27.03.2023
Арнайы жоба

«Toyota Estima» жүргізушісі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. Видео дәл осы сәттен басталады, содан кейін кадрларда «Toyota Camry» көлігінің зардап шеккен жүргізушісі көрсетілген. Осыдан кейін жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне жүгіреді. Ал қару қолданған ер адам оқиға орнынан кетіп қалады.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. ИЖ маркалы газ тапаншасы тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр», — деді қаланың баспасөз қызметі өкілдері.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші медициналық көмекке жүгінбеген.

«103 пультіне ондай қоңырау түскен жоқ», — дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нәбира Есенова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Криспи | Krisp | Новости | Алматинская область (@kris_p_almaty_obl)

Тегтер: алматыбазароқтөбелес

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz