Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Өңірлерде жанармай жетіспейді: Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

23.03.2023
Саясат

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшыларының қатысуымен Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, ірі халықаралық инвесторларды тарту, жаңа энергия өндіруші қуаттарды (жылу, электр энергиясы) іске қосу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларын қарастырды.

I тоқсанда бензин, дизель отыны және сұйытылған газ өндірісі бекітілген жоспардан асып түсті. Атап айтқанда, дизель отынының қоры 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 241 мың тоннадан 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Қазіргі уақытта жанар-жағармай материалдары бірінші кезекте егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, содан кейін жанармай құю станциялары мен әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға жіберіледі.

Оған қоса, кейбір өңірде тұтыну деңгейінің өте жоғары болуына байланысты отын жетіспей жатады. Осыған байланысты Энергетика министрлігіқажетті қорды толықтыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бұдан басқа орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада отын өндіру мен тұтыну балансын ескере отырып, газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды.

Тегтер: Әлихан СмайыловҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz