Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

G4 city экономикалық аумағында қандай кәсіпорындар орналасады? – мамандар жауап берді

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбековтің айтуынша, G4 city арнайы экономикалық аумағында (АЭА) шағын және орта, ірі кәсіпорындар да орналасады.

17.03.2023
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

«Бұл АЭА-на Алматы қаласындағы бірнеше кәсіпорындар көшуге ниеттеніп отыр. Бүгінгі таңда түрік, қытайлық, сингапурлық компаниялар да осы төңірекке өндіріс ошағын салуға қызығушылық танытып, келісімшарттарға қол қойып жатыр», — деді басқарма басшысы.

Болат Мұсылманбековтің мәліметінше, жалпы G4 city-дің аумағы 111,8 мың гектарды құрайды. Оның 30 мың гектары осы АЭА-на кіреді.

«Қазақстандағы басқа АЭА-тар өнеркәсіпті ғана қамтыған. Ал Алматы облысындағы G4 city жобасындағы төрт қаланың өзіндік бағыты бар. Яғни, бұл АЭА дамыған шаһарлардың құрамында болмақ», — деді Болат Мұсылманбеков.

Фото: Alataunews.kz

ҚР Үкіметінің ақпаратына сәйкес 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыстың инвестициялық портфелі құны 718 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 134 жобаны қамтиды.

«G4 city» даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала 4 ауданнан тұрады:

  • Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;
  • Golden District – білім беру және медициналық хабы;
  • Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;
  • Green District – туристік кластер.
Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев потребовал навести порядок в обращении с животными

Николай Иващенко
26.04.2026

Женщину зарезали в столовой в Талдыкоргане

Николай Иващенко
26.04.2026

Сотрудники «Казселезащиты» МЧС РК оперативно извлекли микроавтобус в горах Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

Взрыв в многоквартирном доме предотвратили спасатели в Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

Туриста спасли в горах Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz