Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл елімізде 410 млн түп ағаш отырғызылады

Биыл 188,8 мың гектар алқапқа 409,4 млн түп ағаш отырғызу жоспарланған.

16.03.2023
Жаңалықтар

Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы — 30,5 млн гектар, оның ішінде орман жапқан аумақ — 13,6 млн гектар. Мемлекет басшысының орман қоры жерлерінде 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында әр өңірде орманды молықтыру және ағаш өсіру кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Айталық, 2021 жылы — 130 млн түп, 2022 жылы — 282 млн түп ағаш отырғызылып, жылдық жоспар 100 пайыз орындалды. Биыл 188,8 мың гектар алқапқа 409,4 млн түп ағаш отырғызу жоспарланған», — деп атап өтті Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның айтуынша, орман қорын толықтыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлы жүзеге асыру 2029 жылға қарай орман жапқан жер аумағын 14,5 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, экологиялық ахуалды жақсарту үшін Арал теңізінің құрғап қалған табанында фитоорманмелиоративтік жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін 1,1 млн гектар аумаққа сексеуіл көшетін отырғызу жоспарланған», — деді ол.

Тегтер: ағашРоман Скляр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz