Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Сигма-ГАЗ» газ тарифін 17%-ға дейін төмендетеді

1 сәуірден бастап Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Сигма-ГАЗ" ЖШС тұтынушылары үшін газ тарифі 17%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

15.03.2023
Аймақ

Естеріңізге сала кетейік, аудан тұрғындарының «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тауарлық газға бөлшек саудада сатудың жоғары бағалары туралы шағымдарынан кейін департамент 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде компанияның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтердің негізділігі, сондай-ақ тұтынушылар үшін тауарлық газды сатуға арналған бөлшек бағалардың баға белгілеу тәртібінің сақталуы тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтардың нәтижелері бойынша «Сигма-ГАЗ» ЖШС-не жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге бұйрық берді.

Мәселен, ақпан айында «Сигма-ГАЗ» ЖШС ДРЕМ-ге газ тасымалдау тарифін және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасын қайта қарауға өтінімдер берді, наурыз айының басында барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді. «Сигма-ГАЗ» ЖШС, Алматы облысы бойынша өтінімдер шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде 2023 жылғы 10 наурызда тауарлық газды газ тарату құбырлары арқылы тасымалдау тарифін 7300,94 теңгеден 3136,38 теңгеге/1000м3 (ҚҚС-пен) немесе 57,04%-ға, яғни 4164,56 теңгеге/1000м3 (ҚҚС-пен) төмендетті.

Жабдықтау үстемесі үшін 28 945,22 теңге/1000 текше метр (ҚҚС-пен) мөлшерінде, оның ішінде 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тұтынушылар топтары бойынша негізделген шекті баға бекітілді:

  • тұрмыстық тұтынушылар үшін – 34 755,5-тен 28 945,22-ге дейін төмендету, 16,7% яғни 5810,28 теңгені құрады;
  • өзге де заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін 34 755,5-тен 32 106,15-ке дейін, төмендету 7,6%, яғни 2649,35 теңгені құрады;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар үшін – 34 755,5-тен 23 156,18-ге дейін, төмендету 33,37% яғни 11 599,32 теңгені құрады.
Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданыСигма-Газ

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz