Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Тас зауытында денесі туралып қалған жұмысшы туыстары әділдік талап етеді

Алматы облысында қиыршық тас шығаратын зауытта көз жұмған жұмысшының туыстары материалдық шығынды өтеп беруді талап етті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

13.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Кесек тастарды ұсақтайтын құрылғыға құлаған жұмысшының денесін алып техника турап тастапты. Қара жамылған отбасы кәсіпорында техникалық қауіпсіздіктің сақталмағанына наразы. Қайғылы оқиғадан кейін қозғалған қылмыстық іс те тоқтап қалған екен.

42 жастағы Ринат Құндақбаевтың жақындары істі қайта қозғап, кінәлілер тиісті жазаға тартылсын деп отыр. Бірақ оңайға соқпайтын сыңайлы.

«Барлығы соның мойнында болатын. Өзі асырайтын. Кінәлі адам жазасын алсын. Ол бастық сол жерде. Сол аумаққа жауап беретін. Ол әлі жұмыс істеп жатыр. Ешнәрсе өзгерген жоқ. Тек қана біздің өмірімізде өзгеріс болып отыр. Ең жақын адамымыздан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмыз», — дейді марқұмның жұбайы Айторы Құндақбаева.

Қиыршық тас шығаратын зауытта слесарь болып еңбек еткен Ринат 5 сәуірде көз жұмған. Кесек тастарды ұсақтайтын құрылғыға құлаған жұмысшының денесін алып техника турап тастаған. Сүйегі уатылып, ауыр жарақат алған атпалдай азамат оқиға орнында жан тапсырған. Қаралы күнді есіне алған марқұмның туыстары кәсіпорында техникалық қауіпсіздік мүлдем сақталмады деп отыр.

«Барсақ дәу трактор темірдің ішінде ит, мал сияқты жатыр екен. Бетінің барлығын жауып тастапты. Ұстасам жып-жылы болып тұр. Денесінің барлығы былқ-сылқ. Көрініп тұр сүйегінің барлығы сынып кеткен. Ешқандай қауіпсіздік техникасы сақталмаған. Сол күні инструктаж жүргізілмеген. Мен тергеушіге барып сол журналды көргем», — дейді Ринат Құндақбаевтың әпкесі Жанар Құндақбаева.

Қайғылы оқиғадан кейін «Жеті Тас» серіктестігінің өкілдері қара жамылған отбасыға көңіл айтып, көмек көрсетеміз деп уәдені үйіп-төгіпті. Шулатпауды өтінген зауыт басшысы марқұмның несиесін жауып, бала-шағасына үй алып беруге де келіскен. Алайда айтылған сөз іс жүзінде жүзеге аспады дейді Құндақпаевтар әулиеті.

Зауыт басшысы қазір өтемақы түгілі, мән-жайды түсіндіруге де құлықсыз. Тілшілерден қашқан ол барлығын полициядан сұрап алыңдар деп жүре жауап берді. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен іс қозғаған екен. Бірақ кейін жазатайым оқиға деп танылып, іс тоқтатылыпты.

 «Тергеу барысында полиция қызметкерлері барлық іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде аталған дерек жазатайым оқиға деп танылып, ол бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда тараптар заңдық тәртіппен жоғарғы органға шағымдануға құқылы», — деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайдильдин.

Мәселені енді сотпен шешуден басқа амал жоқ. Өйткені, марқұм зауытпен тек шарт бойынша жұмыс істепті. Толыққанды келісім болмаған соң мәселеге Еңбек инспекциясы да араласа алмаған.

Тегтер: жазатайымқылмыстық ісөлім

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz