Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданында 176 км арық пен канал тазаланды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінде өткен жиналыс барысында су тасқынының алдын алу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз етілді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.03.2023
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

«Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жоспар бекітіліп, шұғыл әрекет ету жасағы құрылды. Оның құрамында 130 адам, 36 техника бар», — деді аудандық ТЖБ бас инженері Жанабек Бақытжанұлы.

Оның мәліметінше, Есік, Түрген, Қайназар, Өрікті, Рахат және Шелек өзендерінің бойында 9179 адам мекен етеді.

Фото: Alataunews.kz

«Ауданда ең ірі су қоймасы — «Бартоғай». Қазіргі таңда қоймадағы су көлемі — 265 млн текше метр, еріген қар суы секундына 14,2 метр болып ағып келіп жатыр. Ал Есік көліндегі су көлемі — 1,7 млн. м3 құрайды, келген су — 29,0 м3/сек», — деді маман.

Сондай-ақ ТЖБ маманы су тасқынына дайындық мақсатында аудан аумағынан 5,5 мың текше метр қар шығарылғанын айтты.

«Өңірде 89 км арық, 87 км канал, 51 км су өткізу құбырлары тазартылды. 5000 мың дана құм толтырылған қаптар, 14 мотопомпа, 4 тонна дизель, 4 тонна бензин және 232 тонна инертті материалдар дайындалды. Бұдан бөлек, ауылдардағы арықтар мен шағын каналдар, өзендер түгелдей тазартылды», — деді Жанабек Бақытжанұлы.

Ал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі бас маманы Аян Ыдырысов әкімдік резервінде шұғыл шығындарға 151 млн. теңге қарастырылғанын сөз етті.

Фото: Alataunews.kz

1 of 4
- +

«Аудан аумағындағы гидрометеорологиялық жағдай туралы «Қазселденқорғау» ММ-сінің 4 гидробекеті мен 1 диспетчерлік пункті күнделікті мониторинг жүргізеді. Барлық гидропосттармен байланыс үздіксіз. Тұрғындармен түсіндірме жүргізіліп, 6000-ға жуық жадынамалар таратылды», — деді Аян Ыдырысов.

Айта кетейік, ауданда су тасқыны қаупі бар 14 аймақ орналасқан. Мұнда үлкенді-кішілі 57 су қоймалары, плотиналар, сутораптары және тоғандар бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz