Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Алматы облысында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

11.03.2023
Аймақ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылдың 9 наурызы күні сағат 10:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Еңбекшіқазақ ауданында Есік өзені бассейнінің шатқалы арқылы өтетін облыстық маңызы бар «Есік қаласы — Есік өзені» автожолында тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты жеті жерде қар көшкіні өздігінен түскен. Көшкіннің жалпы көлемі — 428,2 текше метр.

photo

Қар көшкіні облыстық маңызы бар «Есік қаласы — Есік өзені» автожолын жауып тастады. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Бұл автожолды тазарту жұмыстары 2023 жылдың 10 наурызында жүргізілді. Көшкін болған жерге «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 қызметкері және 1 техникасы, ТЖ департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөлік жол қозғалысын тоқтатпау мақсатында Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2022 жылғы 7 қарашадағы хатына сәйкес «Есік қаласы — Есік өзені» автожолының 7 километрінен 15 километріне дейінгі, сондай-ақ Түрген-Батан ауылы-Асы обсерваториясы автожолының 20 километрінен 41 километріне дейінгі аралық 2023 жылғы 31 наурызға дейін жабық.

photo

Шығыс Қазақстан облысында болған мол жауын-шашын, жел және температуралық фонның көтерілуі қар көшкіні қаупі бар беткейлерден қардың түсу қауіп-қатерін туғызды. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары көшкіннің өздігінен түсуінің алдын алу мақсатында «Өскемен-Алтай» автожолының 61-62 шақырымында қарды профилактикалық түсірулер жүргізді.

photo

«Автожолға көшкін түсу қаупіне байланысты біз 5 рет жалпы көлемі 23 700 текше метр қар түсірдік. Қар массасы жолды толығымен жауып тастады. Қазавтожол қызметкерлері автожолды тазартып жатыр. Біз өз тарапымыздан қар көшкінінің алдын алу бойынша жұмыс жүргіздік, азаматтарға тауда болған кезде ережелерді сақтауға кеңес береміз. Көшкін қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда өте мұқият болуыңыз керек, олардың жанында тоқтамаңыз. Жауын-шашын көп жауған кезде қар көшкінінің түсу қаупі артады», — деді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Тегтер: Алматы облысықар көшкіні

Соңғы жаңалықтар

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz