Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шымбұлақ аумағына бензин, дизель және газбен жүретін көліктердің кіруіне тыйым салынды

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағына көліктердің кіруін шектеу шартарына өзгеріс енгізілді.

10.03.2023
Аймақ

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, көлік жүктемесі мен қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылғы 8 сәуірдегі №2/122 «Алматы қаласының кейбір аумақтарына көліктің кіруін шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2023 жылдың 1 сәуірінен күшіне енеді.

«Электрлік қозғалтқыш автокөліктері (электрмобиль) мен шұғыл, жедел, коммуналдық және арнайы қызметтер мен арнайы текхникадан басқа көліктердің барлығына тау шаңғы курорты аумағына кіруге шектеу қойылады. Қолданылған шаралар көліктен шығатын ластағыш заттардың көлемін азайта отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақта қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін болады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ал, «Медеу» МАТП аумағында орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) соларға қызмет көрсететін көліктерге шектеу осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап күшіне енбек.

«Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілеріне электр қозғалтқышты көлік сатып алу үшін «Алматы» ӘКК» АҚ қарасты «Алматы» МҚҰ» арқылы 7 жылға дейінгі мерзімге 6% жылдық мөлшерлемемен 30 млн дейін кепілді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі беріледі. Борышкердің жеке меншігі сатып алынатын көлік құралының 50%-нан кем болмауы тиіс», — деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Тегтер: Шымбұлақ

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz