Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Елімізде әйелдердің көбі Алматыда тұрады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Ұлттық статистика бюросы Қазақстан әйелдері туралы статистиканы жария етті.

07.03.2023
Аймақ

Статбюроның мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады. Оның ішінде 6,3 млн қалада, 3,7 млн ауылда тұрады. Өңірлер бөлінісінде әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш бастап тұр.

Қазақстандық қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7-ті құрайды. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайған. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсіп, 78,3 жасты құрады.

Еңбек нарығында 4 302,6 мың әйел жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпшілігі білім беру саласында еңбектенеді – 851 мың, 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады, 451 мыңы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Тек 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 849 мың әйел — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы, бұл тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5% құрайды.

Тегтер: алматыҰлттық статистика бюросы

Соңғы жаңалықтар

ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия

Николай Иващенко
10.03.2026

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz