Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мыңнан астам бала үйсіз қалды

Түркия мен Сирияның оңтүстігінде болған жойқын екі жер сілкінісінен кейін бір ай өткенде 850 мыңнан астам бала тұрақты баспанасыз қалды, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығынан.

07.03.2023
Жаңалықтар

ЮНИСЕФ балалар қоры жер сілкінісінің салдары аймақтағы балалар мен отбасылар үшін апатты жағдайға айналғанын атап өтеді. Жүздеген мың адам шарасыз жағдайда қалды. Көптеген отбасылар уақытша баспаналарда тұрады.

Түркияның өзінде ғана зардап шеккен аудандарда 1,9 млн-нан астам адам тиісті санитарлық жағдай, сумен қамтамасыз ету және медициналық көмекке қолжетімділік жоқ әртүрлі баспаналарға орналастырылған. Елде 2,5 млн бала шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж.

«Зілзала салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысты. Жерасты дүмпулері жалғасып жатқандықтан, олар әбден қорқып қалған», — деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан Сирияда 500 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Көптеген үйлер қирап қалды. Сонымен қатар, жер сілкінісі жалғасып жатқандықтан, үйлері аман қалған балалары бар отбасылар үйлеріне қайтуға қорқады. Сирияда жер сілкінісінен 3,7 млн-нан астам бала зардап шекті.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан эерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 46 мыңнан асты.

Тегтер: жер дүмпуіСирияТүркия

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz