Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Премьер-Министр Қонаев қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 13 қаңтарда Алматы облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

03.03.2023
Аймақ

Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшылары Алматы агломерациясы, Қонаев қаласы, G4 City интеграцияланған қаласын және жалпы өңірді дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Тұрғын үй, әкімшілік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу, автокөлік, теміржол, инженерлік және аграрлық инфрақұрылымды жаңғырту, жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, индустриялық аймақтар мен өнеркәсіп объектілерінің тиімділігін арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы әңгіме қозғалды.

Атап айтқанда, Қонаев қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүргізілетіні атап өтілді.

Сонымен қатар кеңесте республикалық және халықаралық деңгейде де көптеген көрермен тартатын ірі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Солардың бірі – MotoGP мотоцикл жарысы бойынша әлем чемпионаты.

Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов барлық қатысушы мемлекеттік органдар жаңа облыс орталығы – Қонаев қаласын, G4 City қаласын және бүкіл өңірді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

«Біз барлық мәселелерді талқыладық. Мемлекеттік органдар қойылған міндеттерді тиісінше пысықтауы қажет. Облыс тұрғындары Қонаев пен өңірдің қарқынды дамуын күтіп отыр, сондықтан қазір әкімшілік рәсімдерді кешіктірмей, қажетті шешімдер қабылдау маңызды», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, қабылданып жатқан шаралар облыстың дамуына елеулі серпін беруі тиіс, бұл өз кезегінде өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыӘлихан СмайыловҚонаевҚР Премьер-Министрі

Соңғы жаңалықтар

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

Еще три авиарейса: казахстанцев продолжают вывозить с Ближнего Востока

Николай Иващенко
10.03.2026

Дождь, снег и ветер: в Алматинской области объявлено штормовое предупреждение

Николай Иващенко
10.03.2026

27-летняя казахстанка исчезла при загадочных обстоятельствах во Вьетнаме

Николай Иващенко
10.03.2026

Убийство семьи в Атырауской области: найдены еще два тела

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz