Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев салық салудың жаңа ережесін енгізуді ұсынды

Бүгін Қонаев қаласында Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының жиыны өтті.

03.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салық салу бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып, жерді пайдалану туралы жаңа ереже енгізуді ұсынды.

«Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы жерлері белгіленген мақсатта пайдаланылмай жатқаны туралы деректер тіркеліп жатыр. Ал осындай заңды бұзып жатқан адамдарға 20 еселенген салық салынады. Сондықтан жерді облыстың басты активіне айналдыра отырып, оны пайдалануға салық салудың жаңа ережесін енгізуді ұсынамыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар жиында облыс әкімі өңірде экспортқа шығарушыларға қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару мәселесі де өзекті тұрғанын айтты.

«Атап айтқанда, «Маревен фуд» компаниясы экспорттаушыларға ҚҚС-нан асып кеткен 6 млрд теңгеге жуық ақшаны қайтаруы тиіс», — деді облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиевтің көтерген келесі мәселесі – ойынхана иелеріне салынатын салықтар. Өңір басшысының айтуынша, Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, ойынханалардағы, букмекерлік кеңселердегі ұтысқа байланысты иелеріне 10 пайыздық мөлшерлеме ретінде салық салынады. Осыған байланысты ұтыс төлемдерін жасайтын нысандардың кіріс салығын әкімшілендіру мәселесін қайта қарастыру қажет.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz