Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта зейнеткер қарттар үйінде асылып қалды

Алматы облысында 76 жастағы қария суицид жасады, оны аулада асылып тұрған жерінен тауып алған.

02.03.2023
Аймақ

Алматы телеарнасының хабарлауынша, марқұм Қонаевтағы арнаулы қызмет көрсету орталығында тұрған.

«Қайтыс болған кісімен бірге Сарқанттан ауысып келгенбіз. Содан бері осындамыз, екеуіміз жақсы дос болдық. Әр адамның жүйкесі жұқарады, сол сыр беріп, шыдамаған болар. Мен де сондай қартпын, ешқайда шыға алмаймын, көзім көрмейді», — деді Тұрақұл Қалиев.

Ал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының сөзінше, қарияның қайтыс болуына қызметкерлердің қатысы жоқ. Ол марқұм Сергей Цойдың «қатты қызғаншақ болғанын және осы орталықта Наталья есімді әйелмен көңіл қосқанын» айтқан.

«Бір жылдан бері өзінен 30 жас кіші келіншекпен бірге тұрады. Есімі Хвостова Наталья. Бұл жерде ешкімнен қысым болған жоқ, координаторды шақырып, сұрасаңыздар болады», — деді «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Нұрғали Тортаев.

Марқұммен бірге тұрған әйелдің сөзінше, ол ішімдік ішпеген. Сергей Цой асылып қалған түні алдын ала хабарласып, «өзін жақсы көретінін айтып қоштасқандай болған», бірақ сол түні Наталья орталықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін арнайы бөлмеде қамауда болған.

«Олар оны жаныма жолатпады. Ол досының шаршағанын айтқан», — дейді Наталья Хвостова.

Марқұмның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықтық құрамның белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Облыстық ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайдилдин.

Қонаевтағы қоғам белсендісі де әлеуметтік орталықтағы тұрғындардан арыз-хат жиі түсетінін айтқан. Өзі де жиі келіп, қарттардың жағдайын біліп тұрады екен.

«Мүмкін жеке басының намысына тиетін сөздер айтылған шығар. Жеке ойым, адамды асылып қалуға итермелеген мәселе бар, себебі адам қартайған сайын әр күнін бағалайды», — дейді қоғам белсендісі Лина Черказьянова.

Қонаевтағы «Шарапат» арнаулы көмек көрсету орталығында 122 қызмет алушы бар екен. Орталықтағы жағдайды енді прокуратура да жіті бақылауға аламыз деп отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаевсуицид

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz