Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жаңалық ауылындағы заңсыз сатылған мектеп мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесуде белгілі болды.

01.03.2023
Аймақ

Жаңалық ауылының тұрғыны Гүлнар Кубашеваның айтуынша, 2018 жылы коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылығы мемлекет алдындағы борышын өтеу үшін Ломоносов атындағы орта мектептің ғимаратын жеке тұлғаға сатып жіберген. Ал қазіргі таңда ауылда балабақша тапшылығы үлкен мәселеге айналған. Тұрғындар балаларын балабақшаға апару үшін бірнеше шақырым жол жүруі қажет, қала берді, кезектегі балаларға басқа бақшаларда орын табылмайтын көрінеді.

«Өткен жылғы кездесуде де осы мәселе көтерілді. Бірақ, жабулы қазан жабулы күйінше қалды. Бүгін тағы аталған проблеманы арқалап келіп отырмын. Өйткені, баласын бақшаға апара алмайтын жұрттың әлеуметтік жағдайы тым нашарлап кетті. Үйге кіріс жоқ, әйелдер төрт қабырғада жіпсіз байланып қалды. Былтыр шешілмеген түйінді биыл тарқатып беруіңізді сұраймын», — деді тұрғын.

Жұртшылықтың жан айқайына облыс прокуроры Берік Адамов жауап берді.

«Расында ғимарат заңсыз сатылып кеткен. Бүгінде прокуратура бұл іспен айналысып жатыр. 1-2 айдың көлемінде мәселені шешіп, нысанды мемлекет меншігіне қайтаруға тырысамыз», — деді прокурор.

Тегтер: Алматы облысызаңсыз сатуҚарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz