Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«Бұл — ерекше мереке»: облыс әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын көктемнің алғашқы күнімен және Алғыс айту күнімен құттықтады.

01.03.2023
Қоғам

«Сіздерді ел ынтымағын айшықтап, бірлігімізді бекемдей түсетін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілігін түзеп, өзгемен терезесін теңестірген еліміздің ырыс-берекесінің темірқазығы қашанда бір-бірімізге деген құрмет пен ізеттілік екені анық. Осы тұста тағылымға толы тарих беттерінде Алатау бөктеріне қоныс аударған сан халыққа пана болған өңіріміз татулық пен бірліктің талбесігіне айналды», — деп атап өтті өңір басшысы.

Ол Алматы облысы — көпұлтты өңірлердің бірі екенін айтты.

«Бүгінгі таңда тәуелсіздікпен бірге ту еткен ынтымағымыздың жемісі — облыс тұрғындарының экономиканың әр саласындағы еселі еңбектерінен көрініс табуда. Сондықтан, бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, облысымыздағы әр шаңыраққа шаттық тілеймін. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке әр отбасының ырысын арттырсын!», — делінген құттықтау мәтінінде.

Тегтер: Алматы облысықұттықтауМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz