Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматыда Алғыс айту күнінде 17 іс-шара өтеді

Көктемнің алғашқы күні ел тұрғындары Алыс айту күнін атап өтеді.

28.02.2023
Аймақ

Айта кету керек, Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келеді, оның өкілдері алматылықтарды құттықтап, Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алғыс айту күнін атап өту жоспарлары туралы айтты.

Алматы қаласының ҚХА орынбасары хабарлағандай, «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматыдағы филиалының төрағасы Всеволод Лукашев Алматыда республикалық және қалалық екі Достық үйі бар екенін, сондай-ақ, 20 этномәдени орталық бар екенін айтты. Олардың әрқайсысында мерекелік іс-шаралар жоспарланған.

«Бұл күні мерекелік концерт, Алғыс айту күніне арналған кездесулер мен конференциялар, көшпелі цирк қойылымы, спектакльдер, қуыршақ шоулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және т.б жоспарланған. Бұлар — ресми іс-шаралар. Бірақ әр мәдениет ошағы өз этносының ішінде, ұйымының аясында өз іс-шараларын өткізеді. Сондықтан оларды тізіп шығу іс жүзінде мүмкін емес», — деп бөліскен спикер барлық қажетті ақпаратты Ассамблея мен Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болатынын айтты.

Ассамблея бастамасымен өткізіліп жатқан іс-шаралар тек дәстүрлі БАҚ-та ғана емес, ғаламтор кеңістігінде де кең резонансқа ие болуда, деп атап өтті Алматы қаласы ҚХА Журналистер клубының төрайымы, республикалық «Deutsche Allgemeine Zeitung» неміс басылымның бас редакторы Олеся Клименко.

«Алғыс айту күні аясында аталып өтетін барлық іс-шаралар, әрине, барлық этномәдени басылымдарда өз материалдарын табады. Одан бөлек, біз әрқашан есте қалатын даталарға, соның ішінде мемлекеттік мерекелерге қатысты арнайы шығарылымдарды шығаруды, біздің этномәдени БАҚ парақшаларында таныстырылған түрлі пікірлерді, адамдардың қызықты тағдырлары, түрлі мамандық өкілдері бұл этномәдени БАҚ беттерінде ұсынылатын түрлі пікірлерді шығаруды жоспарлап отырамыз», — деді Олеся Клименко.

Алматы қаласы ҚХА орынбасары бір ғана Алматының өзінде жүзден астам этнос өкілдері тұратынын еске салды. Олардың барлығын елімізде өзара ынтымақтастық пен бейбітшілік орнатуға деген ортақ ниет біріктіреді.

«Алғыс айту күні – бәріміздің рахмет айту мүмкіндігіміз. Барлық этностарға, православтарға, мұсылмандарға, иудейлерге тамаша елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап отырғандары үшін алғыс айтамын. Біз бұл елді біртұтас Қазақстан халқының күшімен бірге жасап, дамытып жатырмыз», — деп түйіндеді сөзін Всеволод Лукашев.

Тегтер: Алғыс айтуалматыіс-шара

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz