Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бесағаштағы көшкін басқан үйлердің мәселесі құқық қорғау органдарында қаралады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы облысында көшкін болған жерде жер учаскелерін кім бөлгенін және құрылысқа кім рұқсат бергенін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

28.02.2023
Аймақ

Оның айтуынша, жер бөлуге жергілікті атқарушы органдар да, тұрғындардың өздері де жауапты.

«Ерте ме, кеш пе міндетті түрде бұл беткейлердің құлайтыны анық. Мен үнемі айтамын: тауда үй тұрғызатын адамдар — олар төтенше жағдайлар саласының болашақ «клиенттері». Өкінішке орай, тектоникалық процестер жалғасып жатыр, сейсмикалық қауіпті учаскелер мен топырақтың әлсіреуі кешегідей жағдайға алып келеді», — деді ТЖМ басшысы Бесағаш кентіндегі көшкіннің түсуіне түсініктеме бере отырып.

Министрдің айтуынша, салынған құрылымның тіреу қабырғасы биік емес және сәйкесінше жоғарыдағы 12-15 метрлік көшкінге төтеп бере алмады.

«Қазір «Қазселденқорғау» бөлімшелері жұмыс істеп жатыр және құқық қорғау органдарында осы жер учаскелерін кім бөлгенін және қандай негізде құрылысқа рұқсат бергені қаралады», — деді Юрий Ильин.

Тегтер: Алматы облысыБесағашкөшкінтопырақ

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz