Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында халыққа 680 мың гектардан аса жайылым жер жеткіліксіз

Талдықорғанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

25.02.2023
Аймақ
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігі Экология министрлігімен бірлесіп, ирригациялық желілерді сапалы жаңғыртып, су объектілерін уақытылы пайдалануға беруі қажет. Сондай-ақ, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару әлі де өзекті мәселе болып отыр.

«Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек», – дейді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz

Оның сөзінше, инженерлік инфрақұрылым бойынша қолданыстағы кәріз желілерінің тозу деңгейі 58%-ға жеткен. Облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды, тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған.

Денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы айта келе, Үкімет басшысы облыстағы 59 медициналық нысан жалға алынған және бейімделген ғимараттарда орналасқанын атап өтті.

Тегтер: Әлихан СмайыловБасты жаңалықтаржайылым жерЖетісу облысыҚР Премьер-Министрі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz