Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жер сілкінісіне төзімді құрылысқа талапты күшейтеміз — Ерболат Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы көпқабатты үйлердің құрылысы туралы айтты.

24.02.2023
Аймақ

Тұрғындардың бірі әкімге Алматы облысы Іле ауданында салынып жатқан «Gate city» қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылысын кейінге қалдыруды ұсынды. Ол Алматыда аз қабатты үйлер ғана салынсын деген тілегін айтты.

Сұраққа жауап берген мегаполис басшысы Ерболат Досаев қалада тоғыз қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойылғанын айтты.

«Аз қабатты құрылысқа келсек, олар үш қабатты блокты үйлер болуы мүмкін. Біз мұны қадағалаймыз. Бас жоспар бекітілгеннен кейін оның барлығы анықталады. Негізі мен қалада құрылыс тиімді болғанын жақтаймын», — деді әкім Ерболат Досаев.

Бұл ретте ол қаланың үлкейіп келе жатқанын, көші-қон мәселесі бар екенін айтты. Сондықтан ұсынысты талқылау қажет.

«Мемлекет басшысымен кездесуімде ол Алматының ерекше мәртебесі туралы заң арқылы жер сілкінісіне төзімді құрылысқа қатысты талаптарды күшейтетін тәсілдерді мақұлдады. Көктемде осы жұмысты бастаймыз және бізді депутаттар қолдайды деп үміттенемін», — деп түйіндеді әкім.

Тегтер: баспанаерболат досаевжер дүмпуіқұрылыс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz