«Денсаулық сақтау саласында 70 медициналық мекеменің 51-і бейімделген және жалға алынған үй-жайларда орналасқан», — деді әкім.
Сонымен қатар ол ауданда бала өлімінің өсіп кеткенін айтты.
«2021 жылмен салыстырғанда нәресте өлімі 19%-ға өсті. Жаңа туған 1000 нәрестенің 7,87 пайызы шетінеп кетті. Қатерлі ісіктерден болатын өлім 32%-ға өсіп, 100 мың халыққа шаққанда 67,36 пайызды құрады. Кадр тапшылығына келсек, ауданда 19 дәрігер қажеттілігі бар», — деді әкім.
Бұдан бөлек, Марат Сұлтанғазиев денсаулық сақтау саласында жасалып жатқан жұмыстар туралы да сөз етті.
«2022 жылы Қайназар және Қызылжар ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қызылшарық ауылында медициналық мекеме салу жоспарланып отыр. Бұл мекеме бір уақытта 50 адамды қабылдай алуы қажет», — деді облыс әкімі.