Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауа райына байланысты бес өңірде республикалық жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық екенін мәлімдеді.

23.02.2023
Жаңалықтар

Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1025 шақырым немесе республикалық желінің — 4,1%-ы.

«Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық», — деп жазды ҚазАвтоЖол.

Ведомство өткен түнде 1 100 текше метр көктайғаққа қарсы материал себілгенін де атап өткен. Сондай-ақ бүгін республикалық маңыздағы тасжолдарда күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 500 бірлік арнайы техника мен 800 маман жұмылдырылды.

Тегтер: ҚазАвтоЖол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz