Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ауыл шаруашылығы үшін дизельдің литрі 184 теңге болып бекітілді

Биыл ауыл шаруашылығы саласы үшін дизель отынына біркелкі баға бекітілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

22.02.2023
Саясат
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Көктемгі егіс жұмыстары бойынша өңірлерге 413,0 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл – өткен жылға қарағанда 13,0 мың тоннаға көп. Энергетика министрлігі және мұнай өңдеу зауыттарымен ақылдаса келе дизельдің тоннасы 222,0 мың теңге немесе литрі 184 теңге болып бекітілді. Биыл арзандатылған жанар-жағармай тек оңтүстік облыстарға ғана емес, солтүстік өңірлерге де ақпаннан бастап жөнелтіле бастады», — деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Одан әрі министр көктемгі егістікке дайындық барысына тоқталды.

«Егіс науқанына кірісуге 160,0 мың трактор, 5 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешені, 78 мың тұқым сепкіш және 226 мың топырақ өңдеу құралы дайындалды. Сонымен қатар, бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияны орындайтын заманауи егіс кешендерінің 5 мыңнан астамы бар. Жалпы, қазіргі күні көктемгі егіс жұмыстарына техникалардың дайындығы – шамамен 93%. Жұмыс басталғанша техника 100% дайын болады», — деді ол.

Тегтер: дизельЕрбол Қарашөкеев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz